Жыл соңына дейін 80 мың гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылады

0 32

«AMANAT» партиясы облыстық филиалы жанындағы «Жер аманаты» комиссиясының отырысы өтті. Басқосуға облыс әкімінің орынбасары Әбілқайыр Тамабек, партия облыстық филиалының төрағасы Дауыл Бейсенқұлов қатысты.

Іс-шарада облыс әкімдігі жер қатынастары басқармасының басшысы Ермек Кәрентаев баяндама жасады. Ол «Жер аманаты» жобасы аясында облысымызда ағымдағы жылға 80 мың гектар жайылым жерлерді мемлекет меншігіне қайтару жоспарланғанын, үш айдың қорытындысымен 15,7 мың гектар жайылым жерлер мемлекет меншігіне қайтарылғанын жеткізді. Қайтарылған жерлер өңірдің экономикасын дамыту мақсатында және жерлердің бос қалмауын ескеріп қайта айналымға енгізілуде. Жалпы, қайтарылған егістік жерлер конкурс арқылы халықтың сұранысымен табысталуда.

Баяндамашының айтуынша, өңіріміздің 42 елді мекенінде жайылым жер бойынша мәселе туындап отырған болса, олардың басым бөлігінің мәселесін оңтайлы шешуге мүмкіндік бар. Себебі, пайдаланусыз жатқан жерлерді иеленіп жатқан шаруалардың біразының малы жоқ. Сондықтан, олармен келісім арқылы жерді қайтаруға болады.