Өндірістік бақылау – өзекті мәселе

0 23

Өндірістік бақылау – өндірілетін өнімнің, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің адам және оның тіршілік ету ортасына келтіретін қауіп пен зиянды әсерін болдырмауға бағытталған іс-шаралар және зертханалық зерттеулер мен сынақтар кешені.

Жеке және заңды тұлғалар «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 51-бабына сәйкес, өздерінің қызметіне қарап өндірістік бақылауды жүзеге асыруға міндетті. Өндірістік бақылауды жүзеге асыру бойынша іс-шараларды ұйымдастыруды дара кәсіпкерлер және заңды тұлғалар жүргізеді. Өндірістік бақылау мыналарды қамтиды: Өндірістік бақылау бағдарламасын дайындау, өндірістің адамға және оның денсаулығына әсер етуін бағалау, медициналық қарап тексеруден, гигиеналық оқытудан өтудің уақтылығын және толықтығын бақылау, жеке медициналық кітапшаларды есепке алу, өнімнің қауіпсіздігі мен сәйкестігін растайтын құжаттардың бар болуын, тәуекел факторларын бағалау және сыни нүктелерді айқындау. Сонымен қатар өндірістік бақылауды жүзеге асыруға байланысты құжаттаманы есепке алу, есептілігін жүргізу, халықты, жергілікті атқарушы органдарды, мемлекеттік санитариялық эпидемиологиялық қызмет органдарын авариялық жағдайларда, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығына қатер төндіретін жаппай (3 және одан көп жағдайлар) инфекциялық және паразиттік, кәсіптік аурулар мен уланулардың пайда болу жағдайлары туралы хабардар ету схемасын дайындау болып табылады. Гигиеналық талаптардың сақталуын, микробиологиялық, химиялық, токсикологиялық, вирусологиялық, радиологиялық, биологиялық қауіп-қатерлер мен бөтен қосылыстарды жою мен азайтудың уақытылығын бақылау да осы өндірістік бақылауға жатады. Өндірістік бақылау бағдарламасын жеке кәсіпкер, заңды тұлғалар өздері немесе санитариялық-эпидемиологиялық аудитті іске асыратын мамандарды тарту арқылы жүзеге асырады. Өндірістік бақылау бағдарламасы қызмет түрі өзгерген кезінде қайта қаралады. Зертханалық зерттеулер мен сынақтарды дара кәсіпкер, заңды тұлға өндірістік зертханалар базасында не Қазақстан Республикасының сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы заңнамасына сәйкес аккредиттелген зертханаларды (сынақ орталықтарын) тарта отырып жүзеге асырады.