Жамбылдықтардың табысын арттыратын келісімдер

0 21

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Олжас Бектеновтың Анкараға (Түркия) сапары барысында облыс әкімінің орынбасары Әбілхайыр Тамабек Жамбыл облысында инвестициялық жобаларды іске асыру туралы келісімге қол қойды.

Түркиялық инвесторлар аймақта суару жабдықтарын құрастыратын екі зауыттың құрылысын бастауға дайын. Инвестициялық жобаларды іске асыру жөніндегі ынтымақтастық туралы тиісті келісімдерге «Ardent Plastik A.S.» және «Atlantis A.S.» түрік компаниялары қол қойды.

 «Ardent Plastik A.S.» Түркиядағы жетекші компанияның бірі. Жоғары сапалы суару өнімдерін, соның ішінде жаңбырлату жүйелерін, тамшылатып суару құбырларын, пластикалық құбырлардың бірнеше түрін шығарады. Компания 1979 жылы құрылған, өнімдерін 35-тен астам халықаралық нарыққа шығарады.

«Atlantis» компаниясы 1998 жылы Ыстамбұлда құрылған. Ауылшаруашылығындағы суару, тамшылатып суару жүйелерін, ландшафттық (рекреациялық) суару жүйелерін, ықшамдалған құрылыс жабдықтарын өндіруге және орнатуға маманданған. Сондай-ақ жылыжай құрылымдары мен ауылшаруашылығы өнімдерін шығарады.

Сонымен қатар «Қазақстан-Түркия бизнес форумы» аясында «TSUAB» тұқым өндірушілер мен өнеркәсіпшілер және «TUKIB» түрік және қазақстандық бизнесмендер қауымдастықтары арасында тұқым шаруашылығы және инвестициялар тарту саласындағы өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы келісімдерге қол жеткізілді.