Футбол алаңында оқушыларға найзағай түсті

0 20

Жапонияда матч кезінде футбол алаңында жүрген 18 оқушыға найзағай түсті. Қайғылы жағдай 3 сәуірде Миядзаки қаласында университет аумағындағы футбол алағында болған. Екі мектептің оқушылары бұл кезде футбол ойнап жүрген.

Салдарынан 18 оқушы түрлі жарақат алып, ауруханаға жеткізілді. Екі баланың жүрегі тоқтап қалған, қуанышқа орай дәрігерлер оларды құтқарып қалды. Бұған дейін Жапонияның метеорологиялық бюросы найзағай жөнінде ескерту жариялаған екен.

Оқыс жағдай Тайвань аумағында болған жер сілкінісінен бірнеше сағат өткен соң орын алыпты. Кейін Окинава префектурасында 3 метрлік цунами көтерілді.