Өңірлік мерзімді басылымдардың республикалық форумы өтуде
Алматы қаласындағы «Достық» үйінде өңірлік баспа басылымдарының республикалық форумы өтуде.
Форум ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ұйымдастыруымен биыл екінші рет өткізілуде. Мақсаты – өңірлік мерзімді басылымдардың әлеуетін күшейту, бұқаралық ақпарат құралдарын жетілдіру болып табылады.
Форумда журналистік материалдарды жазудың жанрлық түрлері мен стилистикасы, дәстүрлі және жаңа медиа, аймақтық БАҚ-ты дамыту, қате қолданыстағы сөздер мен тіркестер, басылымдардың сапасын арттыру және оқырмандарға уақтылы жеткізу мәселелері талқылануда.
Екі күн бойы жалғасатын форумда түрлі сессиялар, мастер-класстар, тағылымды талқылар ұйымдастырылады.
Сонымен қатар форум аясында ақпарат саласына сіңірген көп жылдық еңбегі үшін бірқатар азаматтар марапатталатын болады.