Токио мен Боннда сакура гүлдеді
Токио мен Германияның Бонн қаласында сакураның гүлдеу маусымы бір уақытта басталды.
Германияның Бонн қаласында жапондық шие гүлінің маусымы басталды. Биылғы жылы ол әдеттегіден екі апта бұрын басталып, өсімдік бүршігі толық ашылды. Әдетте бұл жақта сакураның гүлдеуі сәуір айының ортасынан аса басталатын. «Сакураның» ерте гүлдеуіне қыстың жайлы болуы себеп. Гүлдеу кезеңі екі аптадан аспайды. Ғалымдардың айтуынша, күн неғұрлым жылы болса, гүлдер соғұрлым тез түседі.
Керемет көріністі тамашалауға жергілікті тұрғындармен қатар, басқа елден келушілер де асығады. Осыған байланысты қала билігі көлік кептелісін болдырмау үшін жүргізушілерге қала орталығындағы Хеерштрассе және Брейтештрассе сияқты көшелермен жүруді ұсынды.
Ал Токиода сакураның гүлдеу маусымы биыл кешікті. Ұлттық метеорологиялық агенттік оның гүлдегенін сенбіде, өткен жылғыдан 15 күн кешіктіріп жариялады. «Сакураның» гүлдеу маусымы Токиодағы Ясукуни храмындағы ағаштарда кем дегенде бес бүршік ашылғанда басталады.