Жұмыс та ұсынылуда, әлеуметтік қолдау да көрсетілуде
Облыс әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы өз жұмысының негізгі үш бағыты бойынша биылғы жоспарлы жұмыстарын жүзеге асырып жатса керек. Мәселен, бірінші бағыт — халықты жұмыспен қамту бойынша биыл «Жұмыспен қамтудың өңірлік картасы» аясында 67373 жұмыс орны құрылуы жоспарланса, оның 50193-і тұрақты, 17180-і уақытша жұмыс орны көрінеді. Әзірге 12885 жұмыс орыны құрылыпты. Оның 4307-і тұрақты, 8578-уақытша. Өткен жылдың осы кезеңінде 9825 жұмыс орны, оның 3583 тұрақты, 6242 уақытша құрылған болатын.
— Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, «Әрбір 10 мың тұрғынға 100 жаңа жұмыс орнын ашу» мақсатында 14331 жұмыс орынын ашу жоспарланып, бүгінге 1087 жұмыс орны құрылған. Ал өткен жылы осы кезеңде 890 жұмыс орны ашылған.
Биыл жұмыспен қамтудың белсенді шараларына жыл басынан 14128 адам тартылды. Соның ішінде: тұрақты бос орындары жоспары — 31746, нақтысы – 3220, 344 субсидияланатын жұмыс орындары жоспары – 15197, жолданғаны – 8578, жұмыссыз (түрлері бойынша: әлеуметтік жұмыс орындарына – 810 адам — 344, «жастар практикасына» — 2660 адам – 430 түлек, ақылы қоғамдық жұмысқа — 8815 адам — 6998, «Алғашқы жұмыс орнына» — 1137 — 105, «Күміс жас» жобасына — 1743 — 697, «Ұрпақтар келісімшартына» — 32–4 адам жолданды). Қысқа мерзімді оқытуға — 1291, мүгедектерге арналған әлеуметтік жұмыс орнына — 11, онлайн оқытуға — 2344, – жолданғаны -1736, «Бастау Бизнес» оқыту курстарына- 9075 – жолданғаны — 594, қайтарымсыз грант — 1008 адамға қаралды. Жастардың шағын несиесіне 362 адамға 1,8 миллиард теңге қаралды. Шағын несие және грант беру осы сәуір айында басталады.
2023 жылдың сәйкес кезеңінде жұмыспен қамтудың белсенді шараларына барлығы 12706 адам тартылған болатын. Атқарылған жұмыстар нәтижесінде жұмыссыздық деңгейі 2023 жылдың 4-тоқсанында 4,8, жастар жұмыссыздығы 3,1 әйелдер жұмыссыздығы 4,5 пайызды құрады, — дейді облыс әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Еркін Келесов.
Жұмыс істеймін деген адамға ауылда да, қалада да жұмыс табылады. Тек қана ұсынылған жұмыстан бас тартпай, еңбек еткен жанның жағдайы жақсара түседі. Өзінің жаңдайын жасайды, отбасын асырайды.
Басқармадан алған мәліметке қарағанда екінші әлеуметтік көмек бағыты бойынша 2024 жылы атаулы әлеуметтік көмекпен 55423 адамды қамту жоспарланып, оларға барлығы 4,8 миллиард теңге қаржы қарастырылыпты.15 наурызға атаулы әлеуметтік көмек 4677 отбасындағы 25001 адамға 599,7 миллион теңгеге тағайындалыпты. 2023 жылдың осы кезеңінде 30542 адамға атаулы әлеуметтік көмек тағайындалған. Яғни, көмек алушылар саны 5541 адамға төмендеген.
Сонымен қатар 2024 жылға АӘК алушы отбасылардағы 1 жастан 6 жасқа дейінгі әрбір балаға қоса алғанда ай сайынғы қосымша төлемге 980,7 миллион теңге қаржы қарастырылып,15786 баланы қамту жоспарланған. 15 наурызға 7586 балаға 82,4 миллион теңге тағайындалыпты. 2023 жылдың осы кезеңінде 9151 балаға тағайындалған. Биыл тұрғын үй көмегімен 16468 адамды қамту жоспарланып, барлығы 259,7 миллион теңге қаражат қаралған. 15 наурызда 7599 адам қамтылып, оларға 36,9 миллион теңге тағайындалыпты. 2023 жылдың сәйкес кезеңінде 9 443 адам қамтылған.
2024 жылға мүгедек балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеуге 1361 баланы қамту жоспарланып, барлығы 90,5 миллион теңге қаражат қаралған. 15 наурызға 1067 бала қамтылып, оларға 14,6 миллион теңге тағайындалыпты. Өткен жылдың сәйкес кезеңінде 994 бала қамтылса керек.
Ал 2023 жылы мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеуге барлығы 63,2 миллион теңге қаржы қаралып, 1297 бала қамтылған. Жеке санаттағы азаматтарға жергілікті бюджеттен көрсетілетін әлеуметтік төлеммен 10322 адамды қамту жоспарланып, 1660,7 миллион теңге қаржы қаралып, 15 наурызға 2050 адамға 268,6 миллион теңге тағайындалған. 2023 жылдың осы мезгілінде 2563 адам қамтылыпты.
Үшінші, мүгедектігі бар азаматтарды әлеуметтік қамсыздандыру бағыты бойынша қолдағы мәлімет бойынша бүгінгі күнге облыста 45715 мүгедектігі бар адам тіркелген. Оның ішінде 1-ші топтағылар – 4424, 2-ші топтағылар — 16756, 3-ші топтағылар — 17636 және 18 жасқа дейінгі мүгедектер саны – 6899 адам. Бұл облыс халқының жалпы санына шаққанда 3,7 пайызды құрайды.
2024 жылы әлеуметтік қызметтер ұсыну порталында мүмкіндігі шектеулі азаматтардың жеке оңалту бағдарламаларының орындалуы 95,0 пайызды құрауы тиіс болса, 15 наурызға оның орындалуы 53,8 пайызды құраған. Порталда 10342 өтініш тіркеліп, оның 5567-і қанағаттандырылған, ал өткен жылдың осы кезеңінде 45,1 пайыз болыпты.
Биыл мүгедектігі бар адамдардың жеке абилитациялау және оңалту бағдарламаларын орындау үшін республикалық және облыстық бюджеттен 4,3 миллиард теңге қаржы бөлініпті. 2023 жылы осы мақсатқа барлығы 3,4 миллиард теңге қаржы бөлінген. Бұдан мүмкіндігі шектеулі жандарға мемлекет тарапынан жылдан жылға бөлініп жатқанын көмектің ұлғайып жатқанын аңғарасың. Жалпы, әлеуметтік салаға бөлінетін қаражат қомақты. Мұны мемлекеттің бірінші байлығы- адамға жасалып жатқан нақты қамқорлық деп ұғынған жөн.
Сонымен қатар 2024 жылы жергілікті бюджеттерден әлеуметтік қызметтерге (жеке көмекші қызметі, ымдау тілі маманы, үйде көмек және гигиеналық құралдар бойынша) 2,2 миллиард теңге қарастырылған. Бұл да өткен жылмен салыстырған да едәуір көп. 2023 жылы 2,1 миллиард теңге қарастырылған болатын.
«AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасын орындау бойынша «Жол картасының» 84-тармағына сәйкес, 2024 жылдың соңына қарай стандарттарға сәйкес келетін бейімделген объектілердің үлесі шамамен 80 пайызды құрауы тиіс болатын. Осыған байланысты облыс бойынша 2021-2025 жылдары 1295, ал 2024 жылы Тараз қаласы мен аудандарда 259 нысанды бейімдеу жоспарланыпты.
Тараз қаласы мен аудандардың мәліметі бойынша биылғы 15 наурызға дейін ауа райының қолайсыздығына байланысты бейімдеу жұмыстары басталмаған. Дегенмен, бейімдеуге жататын нысандардың жобалау-сметалық құжаттамалары дайындалып жатқан көрінеді.
2024 жылы басқарма тарапынан мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында үкіметтік емес ұйымдармен 1900 адамға арнаулы әлеуметтік қызметтерді ұсынуға облыстық бюджеттен 190,1 миллион теңге бөлініп, бүгінгі күнге тиісті мемлекеттік сатып алу конкурстары жүргізілуде екен.
Сонымен қатар тірек-қимыл аппараты бұзылған және жүйке ауруына шалдыққан мүгедек балаларға инватакси қызметін көрсетуге – 30,9 миллион теңге, ал көру қабілеті нашар (зағип) адамдарға аталған қызметті ұсыну үшін – 29,6 миллион теңге қаржы бөлінген. Тиісті мемлекеттік сатып алу конкурстары жүргізілуде.