Қазақстанда 18 жаңа қала пайда болуы мүмкін

0 24

Қалаға айналуы мүмкін елді мекендердің қатарында Алматы, Жамбыл, Маңғыстау, Қызылорда және Түркістан облыстарындағы ауылдар бар:

Қарғалы ауылы (Алматы облысы);

Өтеген батыр ауылы (Алматы облысы);

Боралдай ауылы (Алматы облысы);

Ұзынағаш ауылы (Алматы облысы);

Сарыкемер ауылы (Жамбыл облысы);

Қордай ауылы (Жамбыл облысы);

Жаңақорған ауылы (Қызылорда облысы);

Шиелі ауылы (Қызылорда облысы);

Әйтеке би ауылы (Қызылорда облысы);

Қызылтөбе ауылы (Маңғыстау облысы);

Атамекен ауылы (Маңғыстау облысы);

Маңғыстау ауылы (Маңғыстау облысы);

Басқұдық ауылы (Маңғыстау облысы);

Рахат ауылы (Маңғыстау облысы);

Бейнеу ауылы (Маңғыстау облысы);

Манкент ауылы (Түркістан облысы);

Ақсукент ауылы (Түркістан облысы);

Қарабұлақ ауылы (Түркістан облысы).

Ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаровтың сөзінше, елімізде 10 мыңнан астам тұрғыны бар 112 ауыл бар. Оның ішінде 18 елді мекенде 30 мыңнан астам адам тұрады. Заң бойынша оларға қала мәртебесі берілуі тиіс.

«Тиісті нормасы бар заң 2021 жылы күшіне енді. Енді облыс әкімдіктері мәслихаттардың өтініштерін қарауда. Әзірге нақты шешім қабылданған жоқ, жұмыс жүргізілуде. Үш жылдың ішінде халық саны 10 мыңға жетсе, елді мекенге қала мәртебесі берілуі мүмкін. Мұндай шешімді тиісті облыс әкімдіктері қабылдайды», — деді ол.