Бір тал кессең, он тал ек!
19 наурыз — Жаңару күніне орай, Тараз қаласындағы Қайрат Рысқұлбеков саябағында «Жасыл желек жердің көркі» атты акция аясында 605 тал көшеті отырғызылды. Іс-шараға облыс әкімі Ербол Қарашөкеев, Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбеков, қоғам белсенділері, зиялы қауым өкілдері мен қала тұрғындары белсене атсалысты.
«Атадан мал қалғанша, тал қалсын» демекші, ағаш отырғызу акциясы мұнымен тоқтап қалмайды. Биыл қаламызға бас-аяғы 40 мың тал егіледі, 4100 жабық тамырлы, 1-ші санаттағы әртүрлі ағаш отырғызылады және «Жасыл белдеу» бағдарламасы бойынша 20 мың түп көшет пен гүлзарға гүл отырғызу, 15 мың түп көздің жауын алатын раушан гүлімен көмкеру, сонымен қатар «Ұлы Дала» шағын ауданында салынатын саябаққа — 3500, «Тектұрмас» кешеніне 1000 тал көшетін егу жоспарда бар.
Жасыл желектерді күтіп, баптау мақсатында 22 суқұйғыш арнайы автокөлік бөлініп, қосымша 12 су ұңғымасы орнатылмақ.