Көктемгі каникул: Оқушылар неше күн демалады?

0 27

Көктемгі демалыс 11 күнге созылады. Қазақстан мектептерінде үшінші тоқсанның аяқталуына бір апта қалды. Оқу-ағарту министрлігінің каникулдар кестесіне сәйкес, көктемгі каникул 21 наурыздан 31 наурызға (қоса алғанда) созылып, жалпы саны 11 күнді құрайды.

Төртінші оқу тоқсаны 1 сәуір – дүйсенбі күні басталады. Төртінші тоқсан 8 оқу аптасын құрайды.

Еске салайық, 2024 жылдың наурыз айында қазақстандықтар 14 күн демалады. 21-23 наурыз – Наурыз мейрамы. 23 наурыз сенбіге сәйкес келеді, сондықтан демалыс күні 25 наурызға ауыстырылды. Сәйкесінше, Наурыз мерекесінде қазақстандықтар 5 күн қатарынан демалады.

Биыл оқу жылының соңғы күні – 25 мамыр 26 мамырдан бастап үш айға созылатын жазғы каникулға шығады.