Таразда жаңа қоғамдық көліктер пайдалануға берілді

0 46

Облыс әкімі Ербол Қарашөкеев аймақ тізгінін қолға алғаннан сәттен бастап бұл мәселеге айрықша назар аударып, тиісті тапсырмалар жүктеген болатын. Осыған сәйкес көне шаһарда ауқымды жұмыстар атқарылуда. Соның бір дәлелі бүгін Таразда 24 автобус пайдалануға берілді. Тараз қаласының әкімі арнайы қатысып, автобус кілттерін салтанатты түрде табыстады.

Бүгінде Тараз қаласының аумағы кеңейіп, халық саны артып келеді. Бұл өз кезегінде қоғамдық көліктерге деген сұранысты арттырып отыр. Бір қоғамдық көліктің құны 46 миллион теңгені құрайды. Айдың соңына дейін қосымша тағы 10 автобус алып келу жоспарлануда. Жаңа автобустар №40, №41 бағыттар бойынша қатынайды. Жеткізілген автобустардың ұзындығы – 9 метр, жалпы сыйымдылығы 70 адамды құрайды.

Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбековтің айтуынша, бүгінге дейін жоспар бойынша жыл соңына дейін 70 қоғамдық көлік жеткізілуі тиіс. Осы орайда жолаушылар көлігі тасымалын жандандыру, жетілдіру және де тұрғындарды жолаушы көлігімен толық қамтамасыз ету мақсатында 2023-2025 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары әзірленді. Соған сәйкес, 3 жыл көлемінде  120 аялдама орнату, кемінде 200 бірлік автобус сатып алу және жаңа 15 жолаушылар бағытын ашу міндеті тұр. Осылайша, аталған мәселе бүгінде оң шешімін тауып келеді.

Назерке ҒАЛЫМ.