Әнші Айқын Төлепберген сейсмикалық жағдайға төзімді етіп салған Алматыдағы үйін көрсетті

0 19

Әнші Айқын Төлепберген Алматыдағы жаңадан салған зәулім үйін көрсетті.

Өнер иесінің айтуынша, бұл үй бір жылдан астам уақыттың ішінде салынған. Жалпы аумағы — 10 сотық, іші – 340 шаршы метр.

Әнші үйін дизайнердің көмегінсіз, сейсмикалық жағдайға төзімді етіп салғанын айтады. Сонымен қатар үй ішінде орналасқан ерекше ағашты көрсетті. Айтуынша, мұндай ағаш елде жоқ екен.